Текст
«Әліппе» оқу бағдарламасы бойынша оқулық әзірлеу жұмыстары басталды. Ал келер жылдың қаңтарынан бастап бұл оқулықтар іс жүзінде сыналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Оның сөзінше, министрлік пилоттық мектептердің тізімін бекітті. Көп ұзамай оқулық әзірлеудің барлық кезеңі талданады. Сараптамадан өтіп жатса, жаңа оқулық бекітіледі. Айта кетейік, бағдарлама әзірлеу бойынша жұмыс тобына жауапты министрлік өкілдері мен ұстаздардан бөлек тілтанушы ғалымдар да тартылды. Осы уақытқа дейін жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өтті. Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.