Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, бояулар, ақ қағаз, жұмсақ ақ салфетка,қайшы, желім,түрлі-түсті қағаз.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.
Сабақ барысы: Психологиялық сәт:
- Балалар қарандаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын білеміз бе?
- Жақсы, бүгін біздің сабағымыз осы жыл мезгілдері туралы болады.
- Бәріміз орнымызға отырайық.
- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы,коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
/Қыс/
/Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады,сурет арқылы әңгімелету/
Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілі ұнай ма?
- Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?
- Қыста қандай мереке бар?
- Қыс туралы кім тақпақ біледі.
3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.
-Жақсы, енді келесі жұмбақ өлеңді тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен, селдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
/Көктем/
/Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімлету/
- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Көктемде қандай мерекелер бар?
- Көктем туралы кім тақпақ біледі?
3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.
- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.
/музыкамен сергіту жаттығу/
- Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.
Қойының толы жеміске
Көк майсалы егісте
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
/Жаз/
/Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету/
3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.
- Қарандаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жаз айларын кім біледі?
/Балалардың жауаптары/
- Ал енді соңғы жұмбақ.
Жиып-теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? /Күз/
/слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету/
- Ал күз айларын кім біледі?
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.
«Тірі және өлі табиғат» ойыны.
- Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап көрейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш /қол шапалақтау/
- Тау /аяқпен тоқылдату/
- Ағаш /қол шапалақтау/
- Күн /аяқпен тоқылдату/
- Қоян/қол шапалақтау/
- Су/аяқпен топылдату/
- Аленді балалар біз екі топқа бөлініп өзімізге ұнайтын жыл мезгілдеріне байланысты сурет саламыз.
Музыка ақырындап ойнап тұрады.
/Балалардың салған суреттерін тақтаға ілу./
Дидактикалық ойын. «Жыл мезгілінің бөлігін тап»
Балалар шашылып жатқан бөліктерін құрау арқылы 4 жыл мезгілін шығарады.
Балалар енді екі топқа бөлініп өздеріңе ұнаған жыл мезгілінің суретін саламыз. Мен сендерге қағаз беремін.
Қане қай сурет, ең әдемі шыққан, өздерің айтыңдаршы.
Бағалау.