193 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары бірінші қыркүйекке дейін аяқталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Министрлік барлық білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізген. 51 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталады. Ал 17 оқу ордасындағы жөндеу келер жылдың басында бітеді. Олар келісімшартқа сәйкес жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Мамандар тексерісті мамыр айынан бері жүргізіп келеді. Мереке Нұрмұханова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы: - Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық мектептердің дайындығы тағы бір кешенді мониторингтен өтті. Әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынща қажетті шараларды қабылдау, оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымдарына-үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындау туралы ұсынымдар берілді.