«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АЛМАТЫДАҒЫ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

15.02.2023
«Биоинформатика және синергетика» педагогикалық технологиясы бір жылда білім сапасын кем дегенде 12 процентке арттыруға мүмкіндік береді. Бұл Алматыдағы №202 мектеп-гимназиясы ұстаздарының тұжырымы. Бірегей әдісті қолға алған мұғалімдер аз уақытта оқушылардың белсенділігі артып, саналы түрде білім алуға ұмтылыстары артқанын байқаған. Бүгін мектеп ұжымы әріптестеріне жаңа тәжірибені таныстырды. Технологияның басты мақсаты мектеп қабырғасында оқу-тәрбие процесін әр пән бойынша барынша оқушыға бейімдей отырып құру және орнату. Атап айтқанда, материалды меңгертіп, есте сақтау қабілеті мен  балалардың қызығушылығын арттыруға тың әдістің ықпалы зор,  дейді мамандар. Әрі педагогикалық технология оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға әсер етеді. Мектеп ұжымы жаңа технологияның алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Болат Жанайханұлы, №202 мектеп-гимназиясының директоры: - Бұл технология бойынша, БИС бойынша бір сабақта отырған 27 бала екі-үш бағадан алып шығады. Егер бала толыққанды 45 минут жұмыс жасаған кезде үй тапсырмасы берілмейді. Қай пән болса да оқылым, жазылым, тыңдалым және функционалдық сауаттылықты арттыру арқылы біз білім сапасын көтеріп отырмыз. Біздің балалар бұл технология бойынша өзінің ойын ашық айтатын, ешуақытта бүкпесіз көріп отырғандарыңыздай еркін бала.
Просмотров: 1038


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст