Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленбек. Бұл туралы Орталық коммуникацияар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. «Бүгінгі таңда еліміздегі мектептерде 7,5 мың магистр жұмыс істейді. Бұл Қазақстан бойынша бар болғаны 3,5%-ды құрайды», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова. Сонымен қатар мектептерде сынып жетекшілік пен дәптер тексеру үшін төленетін ақы мөлшері екі есеге артты.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/365845-magistr-d-rezhesi-bar-m-alimderdi-zhala-ysy-10-aek-m-lsherinde-k-bejedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz