«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

11.11.2022

Оның аясында қажетті кәсіби мамандарды даярлау ісі назарға алынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – Маңғыстау өңірі үшін де өзекті мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасымен батыс облыстарының түлектеріне қосымша 10 мың грант бөлінген. Соның 6 мыңы Маңғыстауға берілді. Алайда оның төрттен бірі ғана игерілген. «Бұл түсініксіз жағдай»,- деді Президент. Ол өңір жастарына біліктілігін арттыруға немесе жұмысқа орналасу үшін  басқа аймақтарға баруды ұсынды. Ал Үкімет бұл тұрғыда облысқа қолдау көрсетуге міндеттелді. Сондай-ақ  Қасым-Жомарт Тоқаев «біз барлық оқушыға бірдей сапалы білім беруіміз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті»,- деді. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Орта білім беру саласындағы жағдай да мәз емес. Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Облыс әкімдігі үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуге тиіс. Бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті тәжірибе бар. Соңғы екі жылда аймақта 19 жекеменшік мектеп ашылған. Облыста қала мен ауыл, Ақтау мен Жаңаөзен мектептері арасында білім сапасы бойынша орасан зор алшақтық бар. Бұған жол беруге болмайды.

 

Просмотров: 187

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст