«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығарады

15.09.2022

Соңғы кездері жергілікті әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу қондырғылары, дрондар мен өзге де жоғары дәлдікті қару жүйелері кеңінен қолданылып, тиімділігін көрсетіп келеді. Бұл салада Әзірбайжан мемлекетінің қорғаныс саласы белсенділік танытып, өз құрылғыларын шығарып, сыртқа сата бастады. Дегенмен, Израиль мен Түркия ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасау бойынша әлемдік нарықта көш бастап тұр. Олардың қасында Қазақстанның жетістіктері көп болмаса да, мүмкіндіктер жетерлік. Бакудегі көрмеге Қазақстан «Шағала-М» деп аталатын қондырғыны апарды. Теміржан Абдрахманов, «Қазақстан-инжиниринг» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы - Осы аппарат негізі азаматық мақсаттарда қолдануға жасалған. Керек кезде оны әскери мақсатына орнатуға болады. Бірақ негізі ол азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараты. Жалпы бұл көрмеде «Қазақстан-инжиниринг» компаниясы ұшу қондырғыларының үш түрін көрсетті. Соның бірі реакативті қозғалтқышы бар әуе нысанасының баламасы. Оған қоса аграрлық, геологиялық әрі мұнай-газ саласында қолдануға болатын аппараттар бар. Ғани Байсейітов, «R&D» ЖШС Бас директоры: - Турбореактивтік двигательдегі ол 500 км/сағ дейін жылдамдығы бар. Сонымен қатар біз Қазақстан Қорғаныс министрлгінің жасаған «Шағаланы» модернизировать етіп жаңадан оның характеристикаларын жақсарттық. Қазір ол 4 сағатқа дейін ғана ұша алады. Және 4 кг дейін жүк ала алады. Қазақстанда жасалған аппараттың біріне «Лейла» деген есім берілді. Ол Әзірбайжанның батыр қызы, ұшқыш Лейла Мамедбекованың құрметіне қойылды. Дрон үш жарым мың метр биіктікке көтеріліп, сағатына 160 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Авторлары: Алмас Садуақас, Григорий Беденко, Радик Джакупов

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст