Текст
Елде мектеппен қоштасу рәсімдерін енді тек мектеп қабырғаларында өткізу керек, деп хабарлайды «Хабар 24». Білім және ғылым министрлігі осындай талап қойып отыр. Олар түлектер кешін көңіл көтеретін орындарға барып өткізуге тыйым салды. Сосын әлгіндей шараларға аниматорларды, әртістерді, мерекелік кеш ұйымдастырушыларын жұмылдыруға болмайды. Одан бөлек, мектеп басшылығы мен мұғалімдерге де сыйлық беруге рұқсат жоқ. Бұл жаңашылдық биылдан бастап енгізіледі.