Болашақта отандық мамандарды дайындау мектеп қабырғасынан басталмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне сүйенсек, Павлодар облысында «Жаңа мамандықтар атласы» бойынша пилоттық жоба апробациядан сәтті өтіп жатыр. Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары: – Мен өткенде Павлодарға арнайы барып келдім. Бәрін қазір қарастырып, бүкіл Қазақстан бойынша тарататын боламыз. Ол жердегі негізгі сұрақтар мектептен басталады. 7 сыныптан бастап, балаларды дайындауымыз керек. Ол жерде ата-аналар дайындалу керек. Ата-аналар ғана емес, сол өңірдегі ірі компаниялар дайындалу керек. Болашақта кімдер оларға келеді. Германияда мысалға, ата-аналар да, балалар да болашақта баласының кім болатынын мектеп қабырғасында жүргеннен бастап біледі.