«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еліміздегі ғылыми зерттеу-институтының 300 ғалымы ЖОО-да сабақ береді – А.Аймағамбетов

07.02.2022

Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары кадрлар даярлау, зерттеулер жүргізу үшін бірлесе жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24» Білім және ғылым минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы білім және ғылым министрлі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды. Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттардың мүмкіндіктерін біріктіру маңызды. Бұл жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру үшін ЖОО мен ҒЗИ арасында келісімдерге қол қойылғанын айтып өтті білім және ғылым министрі. «Бұл бағытта бірлескен жұмысты атқарған ұйымдар жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатқанын көріп отырмыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ынтымақтастығына үлгі ретінде қарауға болады. Бірлесе жұмыс істеудің арқасында «Вирусология» атты жаңа бағдарлама әзірленіп, бірлескен диссертациялық Кеңес құрылды. Сонымен қатар университет студенттері коронавирусқа қарсы вакцина жасаған ғалымдармен өзара байланыс орнатты» – деп жазды ведомство басшысы. Сондай-ақ министр жоғары оқу орындары мен ҒЗИ интеграциясы не үшін қажет және оның нәтижесі қандай болматынына бірнеше мысалдар келтірген. Біріншіден, ҒЗИ-ларда жұмыс істейтін жетекші ғалымдар жоғары оқу орындарына сабақ беруге тартылатын болады. Сондай-ақ олар студенттердің ғылыми жобаларына жетекшілік етеді. Қол қойылған келісімшарттарға сәйкес бірінші кезеңде бұл жұмысқа 300 ғалым қатысатын болды. Осы уақытқа дейін ҒЗИ-ларда жұмыс істейтін ғалымдар білім беру жүйесіне көп араласпады, дегенмен олардың студенттерге сабақ беруі маңызды. Екіншіден, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ бастапқы кезеңде кадрлар даярлау үшін 500 білім беру бағдарламасын әзірлейді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері білім беру процесінде қолданылатын болады. Сондай-ақ кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі. Үшіншіден, магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу институттарына бара алады және олардың лабораториялары мен базасы олар үшін ашық болады. Келісімдер аясында Ұлттық ядролық орталықта, Ядролық физика институтында, Ұлттық биотехнологиялар орталығында, Биологиялық қауіпсіздік институтында және т.б. бірегей ғылыми зертханаларда тағылымдамадан өту туралы уағдаластық көзделген. Төртіншіден, жүзден астам бірлескен диссертациялық кеңестер жұмысын жүргізеді, олардың құрамына жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының да қызметкерлері кіреді. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ҒЗИ ғалымдары диссертациялық кеңестердің жұмысына аса араласпаған. Бесіншіден, е-lab ақпараттық жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Осы жүйенің көмегімен біздің ғылыми қызметкерлер еліміздің қай университетінде немесе институтында қандай зертхана бар екенін көре алады және алдын ала жазылып, олардың техникалық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Бұл маңызды жоба, өйткені ел университеттерінде әртүрлі зертханалар бар және оларды толығымен пайдалану қажет. Сөз соңында Асхат Аймағамбетов бұл қабылдап жатқан шаралар ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға, ғылыми кадрларды даярлаудың тиімділігіне бағытталғанын және талантты жастарды ғылымға тартуға және қызықтыруға көмектесетінін атап өтті.

 

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст