Текст
Келер жылы елде 200 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, білім беру ұйымдарында кәсіби мұғалімдер саны артады. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделген. 70 мың маман біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі. Соның арқасында ауыл мен қаладағы оқыту деңгейі теңестіріледі. Маңғыстау, Атырау, Алматы мен Түркістан облыстарына деңгейі жоғары маман тарту мақсатында бұл өңірлерде жалақыны айтарлықтай көтеру жоспарланған.