«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НЗМ оқушылары омыртқаны операциясыз түзету жолын ойлап тапты

29.11.2021

Астаналық оқушылар омыртқаны ешқандай операциясыз-ақ түзетудің жолын тапты. Жас өнертапқыштардың жаңа құрылғысы ортопедиялық кеудешеден де тиімді көрінеді. Ғылым қазір жасарып келеді. Себебі, елімізде ғылымға құштар жастар мектеп қабырғасынан бастап, түрлі өнер табуға бейім. Сондай алғыр жеткіншектердің бірі – Салтанат Әлішева. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінде оқи жүріп, құрбысы екеуі қисайған омыртқаны тез арада түзейтін құрылғы ойлап тапты. Ортапедиялық кеудешеден артықшылығы денені қыспайды. Салтанат  Әлішева, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: -Қазіргі уақытта көп адамдардың омыртқасы қисайюы бар. Біздің құрылғымыз бұл мәселені шешуге көмектеседі. Оның көптеген артықшылықтары бар. Ол ортопедиялық корсет сияқты денені қыспайды, әрі бағасы өте арзан. Бұл құрылғы шамамен 14 мың теңгеге жасап шығардық.  Ғылым діңгегін мектептен мықтап қалыптастырған жастар қазір медицина саласына ден қоя бастаған. Осындай алғыр оқушылардың бірі Нарғыз Ахметова жасанды интеллект арқылы Өкпенің қабынуын тез арада анықтайтын қосымша жасап шығарды. Нарғыз Ахметова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - Менің жобам пневманияны тез арада табуға арналған. Бұл  радиолог дәрігерлерге рентген қағазы арқылы өкпе қабынуын анықтауға таптырмас құрал деп айтуға болады. Себебі бұл, медициналық зерттеуді жеделдетуге септігін тигізеді. Оны қосымша ретінде компьютерге орнатуға болады. Зияткерлік мектептегі оқушылардың ғылыммен шұғылдануына ерекше жағдай жасалған. Мұндағы балалардың көбі ғарышты зерттегісі келеді, дейді ұстаздары. Ғылыми-зерттеу жобалардың бірқатары халықаралық конкурстарда жүлдеге ие болған. Мейрам Жәкенов, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры: - Біздің зертханада 9 зертхана, 4 орталық бар. Соның бірі космос орталығы. Оның жасаған себебіміз балалардың көбі ғарыққа қызығады. Сол үшін осы орталықты аштық. Міне қазіргі ғылымның негізі осылай қалана бастаған. Оқушының жобасының өзі кәдеге жарап жатса саланың болашағынан үміт көп. 

 

Просмотров: 215


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст