Ел мектептеріндегі қауіпсіздікті арнайы күзет мамандары қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде 11 облыстағы 408 мектеп ғана күзет компанияларымен шарт жасасқан. Алдағы уақытта білім беру мекемелеріндегі техникалық жабдықтау мен балаларды ғимаратқа кіргізу жүйесінде өзгеріс болады. Себебі қазір білім беру ұйымдары террорлық әрекеттерге төтеп бере алмайды. Осы орайда барлық қазақстандық мектеп видеобақылау камералары мен дабыл қағу жүйесін орнатуға міндеттелді. Айта кетейік, бұған Қазан қаласында болған оқиға түрткі болды. Сондай-ақ ІІМ мектептердегі тыйым салған заттарды атап өтті. Бұл қару, пышақ, кастет сынды бала өміріне қауіп төндітерін құралдар. Сонымен қоса жарылғыш құрылғылар, бүріккіш бояулар, пиротехника және газ құтыларында әкелуге тыйым салынады.