«Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бірақ содан соң маусымның 19-ына дейін сабақ болады. Осыны мұғалімдерге түсіндіру керек». Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Жазғы мектептің ұйымдастырылуы жөнінде мектеп директорының бұйрығы дайындалады. Оқу жылының соңына дейін екі апта қалғанда жазғы мектептің жоспары бекітіледі. Бұл жоспармен ата-аналар таныстырылады. Сонымен қатар оқушылардың, сынып комплектілерінің саны, оқу пәндері бекітіледі. Себебі, үлгерімі төмен балалар қиындық көріп, білімдерін одан сайын төмендетіп алуы мүмкін. Министр әріптестеріне түсіндіру жұмыстарын қолға алуды тапсырды. Ал, мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына дер кезінде шығады. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: - Ең алдымен үлгерімі төмен балалармен жұмыс істеу керек. Бұл мәселе де назарда тұрғаны дұрыс. Себебі, үлгерімі жақсы балалар пандемия кезінде де үлгерімдерін қатты төмендете қоймады. Ал керісінше, үлгерімі төмен балалар қиындық көріп, одан сайын төмендетіп алуға тәуекелдер болды. Ал, осы айдың соңына дейін мектептердің даладағы дәретханасы жабылуы тиіс. Министр осыны тапсырды. Себебі, бұған дейін әжетханалар білім ордаларының ішінде болуы керек екені айтылған. Жұмысты қадағалап отыру үшін арнайы портал да құрылған. Осы категория бойынша: « Елімізде мамыр айының соңында жазғы мектептер ашылады Алматыда ертең ҰБТ басталады »