Әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының біріне түсу үшін Сезім Ертанатов тілдік сынақтан жоғары бал жинап, өзі туралы эссе жазған. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын талапты жас болашағын компьютерлік ғылым саласымен байланыстырады. Осы бағытта үнемі ізденіс үстінде жүретін жасөспірім қазірдің өзінде сайт ашып әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істей алады. Қоғамдық шараларға да белсене араласады. Мәселен, осыған дейін жетімдер үйіндегі балаларға ағылшын тілінен сабақ беріпті. Тамыз айында мұхиттың арғы жағына аттанғалы отырған жас, келешекте отанына оралып тың жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Сезім Ертанатов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - Болашақта осы салада бітіріп шығып, магистратура оқимын деген жоспарым бар. Әрине технологиялық алып компанияларда жұмыс істеу барлық оқушылардың арманы мақсаты, өзімді сол компаниялардың белсенді қызметкері ретінде елестетем. Сол жерде уақытша жұмыс істеп, тәжірбие жинап, Қазақстанға келіп, стартап жобаларды жүзеге асырсам деймін.