НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17 желтоқсанда Қытайдың Президенттік стипендия иегері атанған. «Қытайдың ең үздік студенті» дәрежесін алу Қытай студенттерінің өзіне де сирек бұйыратын дүние. Ол үлкен еңбекті қажет етеді. Қытайға алғаш келгенімде пәкістандық жігіттің осы дәрежені алғанын көріп, қазақ студенттерінен ешкім алмағанын естіп, «Жүлде, күт мені» деген едім. Айтқанымдай биылғы жүлде маған бұйырыпты», - деп жазды Жаннұр Ниязбекова. Оның айтуынша, осыдан 3 ай бұрын «Қытайдың үздік студенті» жүлдесіне құжат қабылдау басталған. «Чен деген мұғаліміміз Жаннұр сен де тапсыр, бағыңды сына, жеңесің, өзіңе сен деп маған құжат тапсыртты. Біздің университеттен барлығы жеті студент тапсырдық, ішінен мен және бангладештік студент екеумізді Бейжіңдегі оқу бөлімі таңдап алыпты. Рақмет саған туған жерім, рақмет саған туған елім, рақмет саған Қазақ елім», - дейді Ж. Ниязбекова. Жаннұр Ниязбекова келесі жылы Қытайда докторлық диссертациясын қорғайды.