«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алдағы үш жылда білім беру жүйесі мамандармен толық қамтылады

16.02.2021

2023 жылға қарай педагогтардың жалақысы екі есеге дейін өседі, деп хабарлайды «Хабар 24». «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін жасалған жол картасында жалақының 330 мың теңге болатыны айтылған. Орташа жалақы жыл сайын 25%-ке өсіп отырады. Сондай-ақ алдағы үш жылда білім беру жүйесі мамандармен толық қамтылады. Бұл туралы партияның жол картасын талқылау кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Ал, колледждер нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытады. Биыл 20 мың жас мемлекет есебінен оқу мүмкіндігін алады. Студенттердің степендиясы жыл сайын 20%-ке, ал магистранттар мен доктаранттардың шәкіртақысы 10%-ке өседі. Жұмыс істейтін жастарға 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі: - 2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті тағы да басқа жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Ортақ зейнетақылар жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке асырылып, индекстеліп отырды. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақы мөлшері 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 37%-ке өседі. Алдағы 5 жылда 977 мың отбасына арналып 103 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның 300 мыңға жуығы әлеуметтік тұрғын үй ретінде жеңілдікпен беріледі. Баспанамен қамту мәселесі де «Nur Otan»-ның жол картасына кірген. Жол картасы 362 іс-шарадан тұрады. Негізгі міндет – экономика мен өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру. Құжатта апатты және үш ауысымды мектептерді жою шаралары қарастырылған. Жалпы ел бойынша 800 мектеп салынады деп жоспарланған. Оның екі жүзі биыл пайдалануға беріледі. Алдағы бес жылда жұмыссыз жүрген 130 мың адам еңбек нарығына қажетті мамандықтарға онлайн форматта оқиды. Биылдың өзінде 5 мың адамға тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Жол картасында жұмыспен қамту бағдарламаларына жыл сайын 700 мың адамның қатысатыны айтылған. IT-саласында шамамен 100 мың, туризм саласында 170 мың жаңа жұмыс орыны ашылып, ауыл шаруашылығы кешенінде 500 мың адам жұмыспен қамтылады. Қазір жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ті құрап отыр.

 

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст